Бос лауазымдардағы педагогтің орнына қатысатын үміткерлерге! ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 12.01.2024 жылғы №4-08-4/258-И хатының негізінде "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында (мектепте) педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу процестерін автоматтандыру мақсатында "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде "Педагогтерді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “ АМАНГЕЛДІ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. ХАБАРЛАНДЫРУ! Бос лауазымдардағы педагогтің орнына қатысатын үміткерлерге! ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 12.01.2024 жылғы №4-08-4/258-И хатының негізінде "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында
Амангелді атындағы орта мектебінде 18 наурыз күні 1"а" сынып оқушыларымен "Экология және біз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қоршаған орта тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар қоршаған ортаны ластамау, табиғатқа
7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Амангелді орта мектебінде оқушылар арасында футбол ойыны өтті. Мақсаты оқушылардың денсаулығын нығайту моральдік және еріктік сапаларын дамыта отырып , достық пен өз-ара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Дене
Жас ұрпақты табиғатты аялауға,жасұландықтар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында өткізілген «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» атты аудандық акциясына белсене қатысқаны үшін 8 сынып оқушысы Тілеубек Шырай мен 4 сынып оқушысы Ахметов Ынтымақ алғыс хатпен марапатталды.
Амангелді орта мектебінің Мектепалды 0"А"сынып жетекшісі Тугельбаева Н.Б мектепалды сыныптардың онкүндігі барысында жоспарланған "Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы "тақырыбында жарыс сабақ өткізді. Мақсаты:Оқушыларды ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
5 “А” сыныбымен “Отбасы - бақыт мекені “ тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар сабақ барысында өз отбасына деген сүйіспеншілігін , мейірімін сурет салу арқылы көрсете білді. Сабақтың мақсаты:Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға,
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.