Амангелді атындағы орта мектебінің 3 "а" сынып жетекшісі К.Б. Елібаева " Каникулда кітап оқиық" букроссинг өткізді. Букроссинг мақсаты : балалардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және оқыған кітаптарының мазмұнын айтып ,бір - біріне сыйлау. Аман Нұрали " Алтын мүйізді киік " , Кененбаева Тамина " Ерекше ертегілер" , Қонысбай Әділ " Ән шырқайық" , Ерғали Ақназым " Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды" кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты. <img
Отбасы құндылықтрын қалыптастыру, үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, әрбір ұрпақ өз отбасының тарихын білуі, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі іс әрекетіне анализ жасау, өзін –өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту мақсатында «Отбасы күні» мерекесіне орай 8 "а" сынып білім алушылары арасында « Отбасы –бақыт мекені»- тәрбие сағаты
Қазақ халқы қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп тәрбиелеген . Қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні "Наурыз " мерекесіне орай тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Бауырсақ party" ,мектеп алды даярдық пен 1-4 сыныптар арасында өткізілді. Қазақтың ұлттық тағамын насихаттау барысында мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттыру, татулыққа шақыру. Ата-аналармен тығыз байланыс жасай отырып , оқушыларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрін ұстауға, оқушыларды патриоттық сана сезіміне ояту,ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мектеп
Амангелді атындағы орта мектебінің Мектепалды 0 "ә" сыныбының жетекшісі М.Сабралиева «Ана өмірдің гүлі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты : бүлдіршіндерді аналарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу. <img
1-наурыз Алғыс айту күніне орай аға тәлімгер А.Е.Жаксылык пен белсенді Жасұландықтар « Мың алғыс» акциясын өткізді. Акция барысында мектебіміздің кіші қызметкерлеріне АЛҒЫС,РАХМЕТ айтылды.Акцияға Жасұландықтар белсенділік танытты. Сіздерге алғысымыз шексіз! <img src="https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711370695424685/files/%D0%B0%D0%BB%D2%93%D1%8B%D1%81%20%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%821.jpg?_t=1715754507" alt=""
«Алғыс айту парызым» атты тақырыпта , алғыс айтуға бір біріне мейірімді болуға,Отанға, ата-анаға,досқа алғыс айта білуге үйрету мақсатында тәрбие сағатын өткізді.
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.