Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды "ә"сынып оқушыларын Табиғатты аялауға,құстар мен жан-жануарларға қамқор болуға баулу мақсатында М.К.Сабралиева бүлдіршіндермен "Құстар біздің досымыз" тақырыбында,құстарға ұя соғып,оны ағаш басына іліп балалармен тамашалап қайтты.
Жамбыл облысы ,Шу ауданы ,Алға ауылы ,Амангелді орта мектебінде Эстетикалық пәндер бірлестігінің айлық іс-шараның ашылуына орай,Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында ‘’Ұлтық мұра-асыл қазынам’’атты қазағымыздың киелі киіз үйінен бұрыш ашылды. Болашақта бұрышқа оқушылардың алтын қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары қойылады. Осы
2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Кітапхана менің өмірімде» тақырыбы аясындағы “Кітапхана-күн шуағы білімнің” атты саяхат сабағы 4 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға мектеп кітапханасы туралы ақпарат берілді. Қазақ ертегілері оқылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оларды ертегілердің мазмұнын талқылауға шақырды. Әр ертегінің тәрбиелік мәні, адамгершілік құндылықтары, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұғындыру жолында сабақ жүргізілді. <br
Амангелді атындағы орта мектебінің 3 "а,ә"сынып оқушылары 1 сәуір - Халықаралық құстар күніне орай "Құстар біздің досымыз" тақырыбында құстарға қамқорлық жасау іс-шарасын өткізді. Мектеп және балабақша ауласындағы талдарға ұя жасап,орнатты.
Бүгін Амангелді атындағы орта мектебінің 3 ә сыныбында "Армысың, Әз наурыз" атты сынып сағаты болды. Сабақтың барысында сынып жетекшісі Тажитаева Гульзат Отынбаевна ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық киімдер және ұлттық ойындар туралы мәліметтер берді.
Денешынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4,5,6 сынып білім алушылар арасында футболдан турнир өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және командалық рухты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамына орай "КӨКТЕМ АРУЫ 2025" қыз сыны байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса
ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰРПАҚҚА АСЫЛ МҰРА!!! 🔰Ұлттық киім - мәдениетіміздің тұтастығын, оның тарихы мен дәстүрлерін көрсететін маңызды киім. Ұлттық киім кию Отаншылдыққа, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға жетелейді. 🔰18 наурыз — Ұлттық киім күнінде ұстаздар мен білім алушылар ұлттық киіммен мектепке келіп, ұлттық киімге құрмет
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.