Оқырмандарға Ауған соғысы туралы мәлімет беру, ойлау қабілеттерін дамыту, келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге , өз халқына, өз еліне, адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында " Ауған соғысы туралы деректер" тақырыбындағы іс шара Амангелді атындағы орта мектеп кітапханасында өтті. Онда Ауған соғысының тарихы, осы соғысқа атанған қазақ жауынгерлері мен және оның зардаптары жайлы мәліметтер айтылды.
Шу ауданы білім бөлімінің Амангелді атындағы орта мектебінде 12 ақпан күні мектеп педагогтеріне, жаттықтырушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Мусабек Айсұлу Баракқызы «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. <span class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні тек қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани мерекесі. Қазақ поэзиясының қара өлеңін шыңға шығарған, жүректі жырларымен халқын тербеген Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 94 жыл.Ақынның жырлары поэзия сүйер әрбір оқырманның жүрегінде мәңгі сақталады
10.02.25 Амангелді атындағы орта мектепте 7 "А" сынып жетекшісі НүсіпбекқызыСабира "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету, жауапкершілікпен интернетті пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың оқу дағдыларын дамыту және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында Амангелді атындағы орта мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бәріміз кітап оқимыз!» 20 минуттық оқу сағаты өткізілді. Бүгінгі іс - шарамызға 1сынып оқушылары қатысты. Осындай қысқа уақыт ішінде балаларға пайдалы әрі көңілді кітап оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушыларға алдымен
Амангелді атындағы орта мектебінде ақпан айының 06жұлдызында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен "Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек" тақырыбындағы ақпан айлығының жұмысы бойынша "Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін" тақырыбында 8 -9 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізілді. Мақсаты: жасөспірімдер
Амангелді атындағы орта мектебінде 8-11сынып білім алушылар арасында өткен психологиялық диагностикалау жұмысының, Психодиагностика.Бектің Депрессия шкаласы алынды. Мақсаты:жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу бойынша және алаңдаушылық пен күйзеліс жағдайын анықтау.
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.